Елдің ядролық энергетика бағытын айқындайтын референдум

0 votes

Қазір әлемнің 30 елінде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істейді. Бұл тізімге жақын арада Қазақстан қосылуы мүмкін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Жолдауында 6 қазанда референдум өтетінін мәлімдеп, онда атом электр стансасының құрылысын жалғастыру-жалғастырмау мәселесі шешілетінін айтқан еді. Негізі елде осы мәселе біраз уақыттан бері талқыланып келеді. Қ.Тоқаев осы идеяны алғаш рет 2019 жылы елдің энергетикалық қажеттіліктеріне орай, қазба отынына тәуелділікті және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған стратегиясын таныстырған кезде жариялады. Қазақстанда уранның орасан зор қоры өндіріледі, АЭС салудың бір себебі де – осы.

 

Үкімет АЭС салуға неге ынталы?

Қазақстанның атом энергетикасына көшуге деген ұмтылысы бірінші кезекте электр энергиясына тәуелділігіне байланысты. Алдағы онжылдықта ел электр қуатының тапшылығына тап болуы мүмкін. 2035 жылға қарай елде электр энергиясын тұтыну айтарлықтай артып, 152,4 млрд кВт сағатқа жетеді деп болжам айтады сарапшылар. Сондай-ақ ендігі уақытта инфрақұрылым¬ның тозуы, экологиялық норма¬лардың қатаңдауы секілді фак¬торлардың әсерінен елде электр энергиясын өндіру 135 млрд кВт сағатқа төмендеуі мүмкін. Бұған қарамастан Қазақстанда жаңа өндіріс орындары салынып жатыр, осыдан келіп елде 2035 жылға қарай жалпы қуаты 26,5 ГВт жаңа қуат көздерін енгізу қажеттігі туады. Үкімет АЭС Қазақстанның тұрақты энергетикалық жүйе¬сін қалыптастыруға қажет деп мәлімдейді.

Негізі АЭС экологиялық тұр¬ғы¬дан алғанда артықшылығы көп, әсі¬ресе, ауаға таралатын шы¬ғарындыларды аз өндіреді. Ол жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі факторлары көмірқышқыл газы немесе метан секілді парниктік газдарды таратпайды. Сонымен қатар АЭС-тің көмір электр стансаларынан айырмашылығы – күкірт пен азот оксидтерін, бөлшектерді және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа да ластаушы заттарды шығармайды.

Қазақстан өзінің энергет謬ка¬лық қажеттілігін өтеуде ай¬тар¬лықтай дәрежеде көмірге, мұ-найға және табиғи газға тәуел¬ді. Бұл, әрине, экологиялық жа¬ғы¬нан алғанда тиімсіз, ауаны қат¬ты ластайды. Атом энергия¬сы жөніндегі халықаралық агент¬тіктің (МАГАТЭ) бақылау және қауіпсіздік саясаты бөлімінің бұ¬рынғы басшысы Тарик Рауф атом энергетикасы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ұм¬тылатын елдерде шешуші рөл атқарады деп санайды. Оның айтуынша, атом энергетикасы алдағы 40-50 жылда тұрақты даму және CO2 шығарындыларын азайту¬дағы үлесі зор болады. Бал¬қаш көлін жоспарланған атом электр стансасының реакторла¬рын салқындатуға пайдалану ұсы¬¬нылып отыр. Ол көлге айтар¬лық¬тай әсеріне тигізе ме деген алаңдаушылық та бар. Балқаш көлі қазірдің өзінде климаттың өзге¬руі нәтижесінде температураның жоғарылауы мен шамадан тыс пайдалану салдарынан айтар¬лық¬¬тай ауыртпалықты бастан ке¬шіп жатыр. Бұл факторлар су, дең¬-гейінің төмендеуіне, тұзды¬лық¬тың жоғарылауына және көл эко¬жүйесіне өте маңызды балық популяциясының азаюына әкеледі.

 

Қоғам көзқарасы қандай?

АЭС салу мәселесін Қазақстан қоғамы бірден қабылдай алмады. Тамызда жүргізілген сауална¬ма¬ға сәйкес, қатысушылардың 53,1 пайызы ғана бұл идеяны қол¬да¬ды. Бір қызығы, Қазақстанның ядролық қаруды таратпауды насихаттағанын білеміз. Осыған қарамастан, көптеген азамат кеңестік кезеңде елде қоршаған ортаға және адамдардың денсау¬лығына ұзақ уақыт әсер еткен ядролық сынақтар секілді атом электр стансасы да өз зардабын тигізбей қоймайды деген пікірде.

Қазақстан тәуелсіздік алған кезде Кеңес одағынан мұраға қалған әлемдегі төртінші ірі ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Елде атом энергиясын тұрақты әрі қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ететін, ядролық қаруды таратумен байланысты тәуекелдерді төмендететін, төмен байытылған уранның жаһандық резерві ретінде қызмет ететін МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкі (ТББ) орналасқан. 1986 жылы орын алған Чернобыль апатын халық әлі ұмыта қойған жоқ, атом энергетикасына қарсы халық пікірлері – осының бір себебі.

Америкалық NAC Inter¬natio¬nal компаниясының консал¬тинг жөніндегі вице-прези¬ден¬ті Дэвид Калп халықтың мұн¬дай алаңдаушылығы орынды, ала鬬да қазіргі атом электр стан-сବларындағы қауіпсіздік шарବлары бұрыннан өзгеше, за¬ла묬сыздандырылған, осыны тү-сіну маңызды дейді. Жақында Қазақстандағы БАҚ-тың біріне берген пікірінде ол атом электр стансалары көпдеңгейлі қауіп¬сіздік жүйелерімен және апаттар қаупін азайтуға арналған ре¬зерв¬тік механизмдермен жабдық¬талғанын мәлімдеді. Сонымен қатар МАГАТЭ көптеген мис¬сия¬ның, оның ішінде ядролық инфра¬құрылымды кешенді шолу -(ИНИР) миссияларының көмегі¬мен Қазақстанның ядролық энергетиканы дамытуға дайынды¬ғын бағалауға қатысады. Бұл миссиялар Қазақстанның ядролық қауіпсіздік, апаттық жоспарлау және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу сияқты салаларда дамып, алға ілгерілегенін көрсетті. Алайда нормативтік-құқықтық базаны нығайту мен атом энергетикасы инфрақұрылымын дамыту¬дың кешенді жоспарын әзірлеу бо¬йынша одан әрі жұмыс қажет. МАГАТЭ мен Қазақстан да ядро¬лық энергетика инфрақұрылы¬мын дамытуды, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтитын ынтымақтастықты тереңдету туралы бес жылдық негіздемелік келісімге қол қой¬ды. Өткен айда Қазақстан Сырт¬қы істер министрлігі МАГАТЭ өкілдері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орын¬басарының қатысуымен іс-шара ұйымдастырып, онда Қазақ¬стан-ның ядролық қаруды таратпау ісіне бейілділігі талқыланды.

 

Геосаяси фактор

Жалпы, Қазақстан тұрғындары атом электр стансасын салудың сыртқы зардаптары туралы алаң¬дамайды, бірақ геосаяси салдары болуы әбден мүмкін. Қазақстан өңірдің энергетикалық ландшафтында мүдделері бар Ресей, Қытай және Еуропалық одақты қоса алғанда, ірі державалардың мүдделерінің қиылысында орна¬ласқан. Егер Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы станса салуға келісімшарт алса, бұл Ресейдің Қазақстанның атом энер¬гетикасын дамытудағы рө¬лін күшейтеді. Керісінше, егер Қазақстан Қытайдың, Оңтүстік Ко¬реяның немесе Францияның ком¬паниясын таңдаса, бұл Мәс¬кеу орбитасынан кетеді дегенді біл¬діруі мүмкін. Қазір Еуропа елдері, тіпті АҚШ та Қазақстанның энергетикалық секторына қы¬зы¬¬ғушылық танытып отыр. Еуропа үшін Қазақстандағы атом электр стансасы – уран мен әле¬ует¬ті байытылған ядролық отын¬ның неғұрлым тұрақты және әр¬тараптандырылған жеткізілімі. Бұл атом энергетикасы секторында тарихи үстемдік еткен Ресей сияқты басқа геосаяси ойыншыларға тәуелділікті азайтады. Француз¬дық EDF сияқты компаниялардың Қазақ¬станның ядролық жобасына қа¬тысуы аймақтағы Ресей мен Қы¬тай¬дың ықпалын азайтары сөзсіз.

 

Үдерістің бастамасы

Осы аптада өтетін референдумда аталған мәселе мақұлданса да, кез келген атом электр стансасын салуға және пайдалануға беруге дейінгі ұзақ үдерістің бастамасы ғана. Үкімет өз ережелерін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру үшін МАГАТЭ сияқты халық¬ара¬лық ұйым¬дармен тығыз ынтымақ¬тас¬тықта болуы қажет. АЭС салуды қаржыландыруға мемлекетке қа¬ражат, жеке инвестициялар және халықаралық несиелер қажет болуы мүмкін. Құрылыс кезеңінің өзі 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Қазақстан бұл кезеңдерде өзінің адами капиталын ұлғайту керек. Қ.Тоқаев халыққа Жол¬да¬уында атап өткендей, қазір әлем¬нің 30 елінде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істейді, Қазақ¬стан да бұл тізімге қосылу әбден мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT