Елдің болашағы - біздің болашағымыз

Мемлекет басшысының ел Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы туралы үндеуін ықыласпен оқып шығып, ондағы айтылған әр жайтқа өзімше пайым жасадым.

Бұл, енді, еліміздің ертеңі, оның осынау күрделі кезеңдегі дамып, өркендеуі сияқты көкейкесті мәселелерге бейжай қарай алмайтын әрбір қазақстандыққа тән болуы тиіс деп есептеймін. Үндеуде айтылғандай, ел Президентінің Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлығымен алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізілетін болды.

Парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар, алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілуі, алдағы мәслихаттар сайлауының да тұңғыш рет партиялық тізім бойынша өтетіні саяси партиялардың жұмысын жандандырумен бірге демократияны дамытуға, әйелдер мен жастардың да елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуына мүмкіндік берер қадамдар болып отыр.

Мұның бәрі күрделі уақыттағы ел алдында тұрған пандемия салдарынан орын алған дағдарысқа қарсы шаралар қабылдау, орнықты экономикалық даму мен азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді бірлесе шешуге шақырып тұрғандай. Бұл ретте, осындай сындарлы сәтте бекем бірлігімізді, ынтымақты тірлігімізді таныта білу, азаматтарымыз белсенді азаматтық ұстанымын танытып, алдағы сайлауларға ұйымшылдықпен қатысуы аса қажеттілік саналарын аңдай білмегі де, соған сай таңдау жасауы да тиіс деп ойлаймын. Өйткені, елдің болашағы – біздің болашағымыз, балаларымыздың болашағы, Қазақстанның өркендеп дамуы – бақытты ертеңіміз, сергек сенім.

Жансих МАШТАХОВ,

Исатай аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521