Электронды үкімет – жедел қызмет

Бүгінгі сұхбатымыз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Исатай аудандық бөлімінің басшысы Индира Жантемірқызы Дусупкалиевамен өткізілді.

 

- Қазіргі таңдағы құжат айналымы қалай?

- 2018 жылдың алғашқы тоқсанында 18463 қызмет көрсетілсе, соның ішінде 12512 (68%) құжат электронды түрде берілген. 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 17747 қызмет көрсетілсе, оның 12401-і (69%) электронды түрде. 2007 жылы, яғни орталық ашылған уақытта, мелекеттік қызмет 100% қағаз жүзінде көрсетілген болатын. Қазіргі таңда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 746 қызмет тіркелсе, оның 618 қызметі Корпорация арқылы көрсетіледі. 447 қызмет электронды үкімет порталы арқылы, 332 қызмет ХҚКО-ның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.

- Мүмкіндігі шектеулі азамат-тарға қызмет көрсету бойынша не айтасыз?

- ХҚКО Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін арнайы тереземен жабдықталған. Қызмет алуға жүгінген мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кезектен тыс қызмет көрсетіледі, ғимарат арнайы пандуспен , шақыру батырмасымен жабдықталған. Сонымен қатар есту, сөйлеу мүшесі кем азаматтарға бөлімде арнайы ыммен сөйлеу маманы оқытылып, қызмет көрсетеді. 2018 жылдың 1-ші тоқсанында Бірың-ғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардан түскен 50 өтінішке үйіне барып қызмет көрсетілді.

- Үшінші тұлғаға электронды анықтамалар алу және бір реттік парольмен қызмет алу туралы естіп жүрміз, бұл қалай жүзеге асады?

- Ендігі уақытта азаматтарға электронды анықтамаларды алу тиімді әрі үшінші тұлғаға алу мүмкіндігі туындады. Электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет»- «Paper free» сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға анықтама алуға мүмкіндік береді. Бұл сервисті қолдану үшін мобильді үкімет қосымшасына тіркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизміне сәйкес мүдделі тұлға электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі қажет. Сосын «Үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисі» бөлімін таңдап, қай азамат туралы мәлімет алғысы келеді соның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) жазуы тиіс.

Егер азамат мобильді үкіметтер базасында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтама түрін таңдап, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшінші тұлғаға мәлімет беру, бермеу жөнінде шешім қабылдауын сұрайды. Азамат екі сағат ішінде жауап беруі тиіс. Оңтайлы жауап алғаннан кейін анықтамасын ала алады. Мобилдік үкіметке тіркелу үшін, пайдаланушы электрондық үкімет порталының «жеке кабине-тіндегі», «телефон» сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін Порталдағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, телефон нөмірін бекіту керек екенін еске саламыз. Бір реттік парольмен қызмет алу порталда қызмет алу процесін едәуір жеңілдеткені рас. Өйткені, азаматтардың барлығында дерлік ЭЦҚ жанында бола бермейді, мұндай жағдайда қызметті бір реттік парольдің көмегімен алу – оңтайлы шешім. Аталған бір реттік парольмен 43 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бір реттік парольді ЖСН-ді телефон нөміріне байланыстыра отырып, ХҚКО-дан да алуға болады. Бір реттік парольді алу үшін азаматтар электрондық үкімет порталында m-gov телефон нөмірлері базасында тіркеуде болуы керек.

- Азаматтарды тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеу рәсімдері қаншалықты жеңілдетілді?

- Қазақстанда электрондық үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді бұл үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне ен-гізілген өзгерістерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тіркеуге мемлекеттік баж алынбайды. Еске сала кететін жайт, бұрын электрондық үкімет порталы арқылы тіркелгенде 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу керек болатын. Сосын «Азамат-тарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келіп, жеке куәлік чипына тіркеу туралы деректер жазбасын енгізу үшін көші-қон қызметкеріне жүгіну қажет еді. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін, тіркелетін азамат өтініш беріп, меншік иесі өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиіс. Өтініш берілгеннен кейін деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекен-жай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады. Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

Дайындаған Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521