Электрондық қызметке үйреніп келеміз

Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету жоғары деңгейде болып отыр.

Бұл дегеніміз мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барынша азайғанын көрсетеді. Яғни, қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасында тікелей қарым қатынас болмайды. Қызмет алушы қызмет көрсетуші органға тікелей келмей-ақ, үйінде отырып «egov.kz» порталы арқылы онлайн қызмет алуға өтініш жібере алады және қорытындысын электронды түрде ала алады.

Аудандық әкімдікте 7 ауылдық округ әкімінің аппараттары және 9 құрылымдық бөлімдер арқылы 85 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2017 жылы 28577 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 3720 қызмет, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 408 қызмет, мемлекеттік органдарда баламалы түрде көрсетілгені 18800 болып отыр.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 7131 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 2192, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 3673 қызмет, мемлекеттік органдарда 1000, баламалы түрде көрсетілгені 266.

Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды үйрету, түсіндіру мақсатында бірқатар семинарлар, жәрмеңкелер өткізіліп келеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта 34 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, Оның 20-ы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде мақала жарияланса, 14-і семинар, жиналыс түрінде өткізілді, 13800 жадынама таратылды.

2017 жылдың шілде айынан бастап ауылдық округ әкімдері аппараттарында жергілікті тұрғындарға электронды түрде мемлекеттік қызмет алу жөнінде кеңес беріп құжаттарын веб-порталға енгізетін штаттан тыс бір қызметкер орналастыру пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан біліктілігін арттырып, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингтерге қатысып, білімін жетілдірген аталған салаға жауапты мамандары бүгінде сол қызметкерлер интернет жүйесіне қосылған соңғы үлгідегі компьютерлер мен қажетті техникалық жарақтармен қамтамасыз етіліп, қызмет алушыларға электронды түрде алынатын мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ қалай алуға болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Нұрберген ӨТЕГЕНОВ,

аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521