Биыл Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өткені баршамызға белгілі. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Елтаңбасына қатысты өз пікірін білдірді.
-Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып өтті. Оны Кеңес заманындағы Гербқа ұқсатып жатады.Тым эклектикалық күрделі дейді.Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек.Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады»,-деді Президент. Меніңше, Президент бұл мәселені жан-жақты талқылап, ой елегінен өткізіп, бүге-шігесіне дейін әбден зерттеп-зерделеп барып айтқаны көрініп тұр. «Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, бұл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек.
Әнес СИДЕҒАЛИЕВ,
аудандық мәслихат
депутаты,
Х.Ерғалиев ауылы