Елімізде 3 тамыздан бастап карантиндік шектеулер жеңілдетіледі

Үкімет басшысы Асқар Мамин еліміздегі коронавирусқа байланысты эпидемиялық ахуал тұрақталғанын хабарлады.

Сөйтіп, тамыздың үшінен бастап карантиндік шектеулер жеңілдетіледі, хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ, бұл барлық қоғамдық нысандар жұмысына қатысты емес. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, стационарлық төсектердің пайдаланылуы 70%-тен төмен болса, жеңілдік енгізуге әбден болады. Карантин енгізілгелі елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 29%-ке азайды. Енді ведомство басшысы сауда үйлері, жабық базарлар мен сауда-ойын сауық орталықтарының жұмысына рұқсат етілетінін жеткізді. Кезекші тобы бар балабақшалар жұмысын бастайды.

Сондай-ақ үйірмелер мен коррекциялық орталықтар да белгілі шектеулермен жұмыс істейді. Алдын ала жазылу арқылы сұлулық салондарына да баруға болады. Таза ауада спортпен айналысуға тыйым салынбайды. Бірақ кеңселердегі қызметкерлердің 80%-і қашықтан жұмысын жалғастырады. Әзірге қалааралық автобустар қозғалысына салынған тыйым алынған жоқ.

24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521