Елімізде АЭС салынбақ

Елімізде АЭС салынбақ Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына кезекті Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесіне тоқталған болатын.

Жалпы атом электр станциялары – әлемдегі электр энергиясының маңызды көздерінің бірі болып табылады.

 

Сонымен қатар, атом электр станциясы арқылы көптеген елдер экономикалық және әлеуметтік дамуда негізгі мәселелерін шешіп отыр.

 

Алысқа шаппай-ақ көршілес елдерді де мысалға алып қарасақ болады. Мәселен былтыр Өзбекстан Республикасы осы АЭС салуды жолға қойды. Сол арқылы олар энергия тапшылығы мәселесінен арылмақ.

 

Ал бізде АЭС құрылыс жобасына қатысты әлі де болса екіжақты көзқарас бар. Дегенмен менің ойымша елдің энергетикалық дамуын арттыру үшін Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізу қажет. Сонда ғана тұрмыста маңызды роль атқаратын энергия мәселесіне түпкілікті шешіледі деп ойлаймын.

 

Қабылхан Омаров,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT