Көктемде тасжолдардың конструктивтік элементтерінің жүк көтеру мүмкіндігі төмендейтіндіктен жеке білігіне 8 тоннадан аса жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты шектеу түрлі уақытта енгізіледі.
Атап айтқанда, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында және Қарағанды облысының Жезқазған өңірінің жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Қарағанды облысының Қарағанды өңірінің жолдары ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысы үшін жабық болады.
zakon.kz
Сурет: ашық дереккөзден