Елімізде жеті айда 1,3 млн көлік тіркелген

Елімізде жыл басынан бері арнайы ХҚКО-да 1,7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Соңғы жеті айда Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру бойынша 400 мыңнан астам, ал көлікті тіркеу бойынша 1,3 миллион мемлекеттік қызмет ұсынылған. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Корпорация төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда биыл egov.kz арқылы алынған онлайн қызметтердің саны артқан.

- Бұл үрдіс азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізгені анық. Мәселен, биыл электрондық портал арқылы 145 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін ауыстырса, 90 мыңға жуық кісі көліктерін онлайн түрде қайта тіркеген, - деді ол.

Пандемия мен карантиндік шектеулерге қарамастан, тұрғындардың автокөлікке қатысты қызметтерге деген сұранысы төмендеген жоқ.

Айта кетсек, биыл жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтердің саны былтырғыға қарағанда 70 мыңға өскен, ал көлікті қайта тіркеу бойынша қызмет небәрі 150 мыңға қысқарды.

baq.kz

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521