Жұмысымыз қаншалықты күрделі, жауапты әрі көп күш пен шыдамдылықты талап етсе де, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Себебі біз атқарып жатқан әр іс – еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды қадам.
Мұндай жағдайда артқа шегінуге немесе бейқамдық танытуға жол жоқ. Бұл — мемлекеттің ертеңгі дамуы мен халқымыздың өмір сапасына қатысты үлкен жауапкершілік.
Сондықтан алға қойған мақсаттарға жету үшін табандылық танытып, қиындықтарға мойымай, бірлесе әрекет етуіміз қажет. Бірлік пен ынтымақ – табыстың кілті. Әр азамат өз саласында адал еңбек етіп, ел игілігі үшін аянбай тер төксе, болашағымыз жарқын болары сөзсіз. Осы жолда еңбек ету — баршамыздың ортақ парызымыз.
Асқар АБУОВ,
Нарын ауылдық округінің әкімі

