banner_damu

Еліміздің 4 облысында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдері сақталмаған

Еліміздің 4 облысында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдері сақталмаған.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы жалғасуда. Жүйелік оператор бекіткен графикке сәйкес электр станциялардағы 4 энергоблок, 1) қазан, 19 турбина жөнделді. Ал 2 энергоблок, 25 қазан мен 16 турбинаны бойынша жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Бүгінгі күнге жоспар бойынша 20 464 шақырым электр беру желілерінің 13 773 шақырым жөнделсе, ал 462 қосалқы станцияның 316 қалпына келтірілді. Бұл желілер бойынша жылдық жоспардың 67, ал қосалқы станциялар бойынша 68 пайызды құрайды», - деді министр.

Алайда, оның дерегінше, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдері сақталмаған.

«Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті облыс әкімдіктерімен бірлесіп, энергетикалық кәсіпорындардың алдағы жылыту маусымына дайындығына тұрақты бақылау жүргізіп, электр станцияларындағы жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау бойынша іс-шаралар қабылдап жатыр», - деді ол.

 

 



ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика