Елорда тойы жалғасуда

Ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырыс-тары негізінде Астананың 20 жылдығына орай 10 шілде күні «Бәйтерек» алаңында «Елімнің жүрегі - Астана» атты «Сәуле» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара болып өтті.

Бұл шараның құрметті қонағы Астана күні, яғни, 6 шілдеде дүниеге келген балалар мен Астананың құрдастары - 1998 жылы дүниеге келген қыздар мен жігіттер болды. Оларға сый-сияпаттар ұсынылып, құрмет көрсетілді.

Кеш шырайын енгізген концерттік шарада ауылдың өнерлі жас- тары Аружан Зұлқашева, Айкөркем Нұрғалиева, Ұлмерек Нұржанова, Әсет Жеңіс, Наргиз Жеңіс, Жанерке Кенжемұратқызы және мың бұрала билеген Диана Сырымованың қазақ биімен, Айзада Жаңбырбаева, Ақтоты Қосайқызы, Аругүл Ұзақбаева, Асылай Ерланқызының «хорезм» билерімен, туған күні Астананың туған күнімен бір күнгі кішкентай Нұртөренің барабанда ойнап, өнер көрсетуімен жалғасын тапқан шара көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Бурабайдағы «Балдәурен» балалар лагеріне тегін жолдамамен демалып әрі «Burabay summer fest» фестиваліне қатысып қайтқан үлгілі «Аққайың», «Қамажай» би топтарының өнерлері де көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Көрермендер арасында ұлттық «асық ату», «теңге алмақ» ойындары және би жарыстары өткізіліп, түрлі викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға, белсенділік танытқан көрермендерге сыйлықтар табыс етілді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521