Тұщықұдық ауылында ең жас сайлаушы ретінде тіркелген Гұлнұр Нұрболат қызы №131 референдум учаскесіне барып, өз дауысын берді.
– «Еліміз үшін бүгінгі референдумның маңызы зор. Мен еліміздің келешегі кемел болғанын қалаймын. Тұңғыш рет қатысқан сайлауым осындай маңызды сәтпен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын» – дейді саяси науқанда алғаш дауыс берген жас сайлаушы.