Энергетикалық қауіпсіздік – басты назарда


Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорынның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда.

2023 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ басшылығы мен мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті өкілдерінің, «KEGOC» АҚ басшыларының, сондай-ақ мамандандырылған сараптама мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен АМӨЗ-ді ішкі және сыртқы электрмен жабдықтаудың сенімділігіне талдау жасалып, Атырау жылу электр орталығы мен  «Атырау-220» қосалқы стансасы тексерілді.

Тексеріс нәтижесі бойынша зауытты электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

· 220 кВ ашық тарату құрылғыларында секциялық ажыратқыш «Қосулы» күйге келтірілді;
· қайталама қосу схемалары түзетілді және монтаждалды, 0,4 кВ қосалқы стансасының өз қажеттіліктерін іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді;
· электр желісі кернеуінің қысқа мерзімді төмендеуі кезінде маңызды динамикалық жабдықтың «қайта іске қосылу» схемалары енгізілді;
· жүргізу-реттеу аппаратурасы мен жиіліктік реттемелі жетектердің схемалары тексерілді. Қажетті есептеулер жүргізіліп, релелік қорғаныс пен автоматика құрылғылары орнатылды.

Бұдан бөлек АМӨЗ, ҚМГ және KEGOC зауытты сыртқы электрмен жабдықтауды күшейтудің баламалы нұсқасының қажеттілігі туралы шешім қабылдады. АМӨЗ-ді сыртқы электрмен жабдықтауды реконструкциялау жобасын «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» Институты» АҚ жасақтауда. Жоба аясында «Атырау-220» қосалқы стансасына «кіріс-шығыс» әдісі бойынша қосылатын қуаты 220 кВ болатын әуе электр желісі салынбақ.

Сонымен қатар зауыттың жаңа бөлігін сыртқы электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, кәсіпорындағы жабдықтардың жұмысының тоқтауын барынша азайту және штаттан тыс жағдайлар кезінде газды мәжбүрлі түрде факелді қондырғыларға жіберу қаупін төмендету мақсатында 2026 жылдың соңына дейін қуаты 154 МВт құрайтын газтурбиналық электр стансасын (ГТЭС) іске қосу жоспарланған. Қазіргі кезде серіктестік келісімдер жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еске салайық, бүгінгі таңда АМӨЗ екі бөлек тәуелсіз схема арқылы электрмен қамтамасыз етілуде. Кәсіпорынның ескі бөлігі тәуелсіз, өзара резервтейтін екі қоректену көзінен, атап айтқанда зауыттың ЖЭО (30МВт) және қалалық ЖЭО (35кВ) есебінен электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Ал зауыттың жаңа бөлігін электрмен жабдықтау KEGOK АҚ-ның қосалқы стансасынан (220 кВ) жүргізілген екі әуе желісі арқылы жүзеге асуда.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521