«Еңкеймеңдер емендер». Аққыстаулық өнерпаздар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

Жеңіс күні мерекесіне орай «Жалын» мәдениет үйінің өнерпаздары тыл ардагерлерінің үйлерін аралап, құрмет көрсетті.

photo-2021-05-05-16-42-46

Исатай аудандық мәдениет денешынықтыру және спорт бөлімінің маманы Саябек Шагиров, «Жалын» мәдениет үйінің әдіскері Айымгүл Машаева, жылжымалы клуб меңгерушісі Амангелді Панабердиевтер тыл еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстап, жылы лебіздерін білдірді. Сақтай Бекқалиев, Маржан Бисенғалиева, Насекен Гумарова, Әлия Жамалова секілді тыл ардагерлері аудандағы өнер ұжымының мерекелік құрметіне риза болысып, алғыстарын жаудырды.

photo-2021-05-05-16-42-37

- Олар - шын қаһармандар. Жеңісті жақындатқан тыл ардагерлерінің жанқиярлық еңбегі ұрпақ есінен шықпақ емес. Мерекелік көңіл-күй сыйлап, құрметімізді білдірмек оймен карантиндік талаптарды сақтай отырып, ардагерлерге арнайы барып, қал-жағдайын сұрап, тілегімізді білдірдік. Аталарымыз бен аналарымыз бір марқайып қалды. Нарынның Наркескені Нұралы ақын айтқандай, емендеріміз еңкеймесе екен деп тілейміз, - дейді өнерпаздар.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521