18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу және мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ауқымды жаңа жылдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға жалпы 1000 бала қатысып, мерекелік бағдарлама 4 күн бойы өткізілді.
Аталған бастама балалардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, қоғам назарын ерекше қажеттілігі бар балалардың өміріне аударуға, сондай-ақ инклюзивті ортаны қалыптастыруға бағытталды. Жаңа жылдық мереке арнайы безендірілген мейрамханада өтті.
Әсем жаңа жылдық шырша орнатылып, балаларға арналған мерекелік дастархан жайылды. Шара аясында әрбір балаға арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Мерекелік бағдарлама барысында Аяз ата мен Ақшақар, аниматорлар және түрлі ертегі кейіпкерлері қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ойын-сауыққа толы бағдарламалар балалардың шаттыққа толы сәттерін сыйлап, олардың қоғаммен еркін араласуына мүмкіндік берді. Аталған шара ерекше қажеттілігі бар балалар үшін қуаныш пен жылулық сыйлаған игі бастама болды.
Ақтілек Базарбаева


