Еріктілер күні: Атырауда "Волонтер премиясы" өтпек

(0 Votes)

Бүгін Халықаралық еріктілер күні атап өтіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні деп те аталатын мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен және ол жыл сайын 5 желтоқсанда атап өтіледі. Қазақстандағы еріктілер қозғалысы 240 мыңнан астам жанашыр адамды қамтиды. Олар мұқтаж жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайын әрі экологиялық, әлеуметтік мәселелерін шешуге, іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалысады. Өз елінің нағыз патриоттары өз игі істерімен қазақстандықтардың алғысына бөленіп, өмірімізді жақсы жаққа өзгертуге ықпал етіп келеді.

Осы орайда, бүгін Атырауда облыстық «Волонтер премиясы-2024» іс-шарасы өтеді деп жоспарлануда. Мерекелік кеште өңірдің волонтерлік қозғалысын дамытуда белсеніділік танытқан 16-35 жас аралығындағы волонтерлер марапатталады. Іс-шараны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жаныңдамын» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT