Екінші дүниежүзілік соғыстың ең негізгі бөлігі болып табылатын, Ұлы Отан соғысы 1941 жылдың 22 маусым күні Адольф Гитлер бастаған фашистік Германияның Кеңестер Одағының шекарасына басып кіруімен басталған болатын.
Бастапқыда, яғни 1939 жылы тамыздың 23 жұлдызында екі ел бір-біріне шабуыл жасаспау үшін келісімшартқа отырған еді. Алайда, Германия елінің басқару тізгінін ұстаған А.Гитлер уәдесінде тұрмады. Ал, тұтқиылдан басталған соғысты қабылдап алған Кеңестер Одағы болса, өз жерін жаудан қорғап, әділетті түрде қарсылық танытты. Кеңес халқы үшін Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы болғаны анық.
Жалпы «Ұлы Отан соғысы» ұғымы, Кеңестер Одағының жерінде басталған соғыстан кейін, көп ұзамай 1941 жылдың 3 шілдесі күні радио арқылы сөйлеген Кеңестер Одағының басшысы Иосиф Сталиннің сөзінен кейін пайда болғанына тарихтың өзі куә. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс халық комиссары Иосиф Виссарионович Кеңестер Одағының барша халқына арнап сөйлеген сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді жеке дара, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.
Кеңестер Одағының халқы тосыннан келген қауіпке еш берілместен, жауға қарсы тұра білді. Майданға аттанғандардың қатарынан қазақстандық жауынгерлер де бой көрсете бастады. Ұлы Отан соғысының қай жерін алып қарасақ та, ерліктің ерен үлгісін көрсете білген қазақстандық жауынгерлердің есімдерін кездестіре аламыз. Соғыстың алғашқы соққысын қабылдаған Беларусь еліндегі Брест қамалын жаудан қорғап қалу үшін болған шайқастағы жауынгерлердің қатарынан біздің жерлестеріміз де табыла білді. Биік те берік қамалды қаїармандықпен қорғаған 33 ұлттың өкілдері арасында қазақстандық жауынгерлер Ғ.Жұматов, В.Лобанов, Р.Хабибуллин, И,Арыскин, Д.Жақыпов, И.Волнистов, К.Иманқұлов, К.Байжігітов, А.Сабырбаев, К.Tұрдиeв және тағы басқалары шекаралық отрядтағы жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына тап болып, аянбай жауға қарсы шығады.
Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында Қазақстан жерінде 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майдан даласына жіберіледі. Қазақстанның аумағында жасақталған әскери құрылымдар неміс басқыншыларына қарсы ерлікпен шайқасты. Әсіресе, сол кездегі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының бас қаласы болып саналатын Мәскеу қаласының түбіндегі шайқаста қазақстандықтар жауынгерлер зор құрметке ие болды. Мәскеу қаласына жақын негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматы жерінде жасақталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты.
Айта кету керек, даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлы өзінің көзі тірісінде жарық көрген "Қанмен жазылған кітабында" 316-атқыштар дивизиясының қалай құрылғанын былайша баяндап береді: «Бейбіт уақытта жас жігіттер әдетте екі жылдық әскери қызметке шақырылып, өз міндетін өтейді. Осы уақыттың ішінде оларға қажетті әскери тәрбие беріліп, олардың бойына жауынгерлік қасиет егілетін. Жауынгерлерге нағыз солдатқа тән қасиетті тәрбиелеу үшін көп уақыт қажет болады. Ал бізге мұның бәріне небәрі екі-ақ ай уақыт беріліп, ұрысқа аттандырды. Тарихта бірде-бір генерал мұндай толық әскери даярлықтан өтпеген, жаңадан шақырылған әртүрлі кұраммен соғысқа қатысқан емес. 316-атқыштар дивизиясы сияқты жауынгерлік құраманы ұйымдастыру - бұл үлкен іс.
1941 жылдың 15 қарашасында Германия әскерлері өздерінің ең басты күштерін пайдалана отырып, Мәскеуге “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Келесі күні, 16 қарашада жау Волоколамск тас жолы бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасайды. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері, барлығы қаруланған 28 панфиловшы жауынгердер гитлерлік басқыншылардың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізеді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза табадыы. Жау ұрысқа тағы 30 танкілерін шығарады. Қарсы шыққан 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырайды. Алайда, жау танкілері олардың шебінен өте алмағаны анық. Мәскеу түбіндегі ұрыста ерлік танықтан 28 панфиловшы-жауынгерлердің барлығына Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Сонымен бірге Волоколамск түбінде ерлік көрсетіп, қаза тапқан қолбасшы, генерал-майор И.В.Панфиловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Осы Мәскеу үшін болған соғыста өзінің әскери қабілетін жүзеге асыра білген, қазақтан шыққан даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының алатын орны ерекше. Мәскеуді жаудан қорғау барысында аға лейтенант Б. Момышұлы 27 рет шайқасқа қатысқан. 1941 жылдың 16-18 қарашасы аралығындағы фашистік Германия елінің басшысы Адольф Гитлер әскерлерінің Мәскеу бағытындағы шабуылы барысында аға лейтенант Бауыржан Момышұлының батальоны Матренино деревнясындағы Волоколамск жолында ерлікпен шайқасты. Осы шайқас барысында асқан шеберлік танытқан батальон командирі Бауыржан Момышұлының біліктілігі арқасында 3 күн бойы неміс басқыншыларының бетін қайтарып, еш шығынсыз, қоршаудан шығады. Қазақ халқының мақтанышына айналған даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының Мәскеу түбіндегі шайқастардағы ерлігі жайында орыс халқының жазушысы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында кеңінен суреттелген.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандық жауынгер Сұлтан Баймағанбетов кеудесімен жау дзотын жауып, Батыр атағын алды. Ленинград қаласы қоршауға түскенде ондағы жауынгерлер Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен өздеріне көрсетілген қолдауды ерекше сезінгендерін жеткізген. Сол жылдары қазақ ақыны Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» атты өлең шығарып, одақ сарбаздарына қолдау көрсетіп, майданнан тыс еңбек етіп жатқан жұмыскерлердің арман-тілегін жеткізіп, халық пен әскер арасында көпір салғандай болды.