Ескерту жарияланды: Атырауда аптап ыстық

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, бүгін аптап ыстық өңірге қайта оралады.

Жекелеген аудандарда көлеңкедегі ауа температурасы 40 градусқа жетеді. Облыстық ТЖД ашық жерде жүретіндерге бас киім киіп, су ала жүруге кеңес береді.

Еске сала кетейік, маусым айының аяғында облыста ауа температурасы көлеңкеде 43, ашық жерде 50 градусқа дейін жеткен болатын.

ATpress.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521