Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ұжымы мекеме, кәсіпорындар, кәсіпкерлерге, барша ауылдастарға үндеу жолдады.
Біз, білім саласының қызметкерлері, өңіріміздің өсіп-өркендеуі мен өмір сапасын жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыстарға өз үлесімізді қосып келеміз. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында әртүрлі салаларда жүзеге асырылып жатқан жобалардың бәрі халықтың өмір сапасын жақсартуға оң ықпалын тигізуде. Халқымыздың өмір сапасы жылдан-жылға жақсарып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы нақты шаралар іске асырылып келеді.
Қазан айы – әр жыл сайын қамқорлық айлығы болып өткізіліп келеді. Бұл акцияның негізгі мақсаты – көмекке зәру, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғыз басты қарияларға қолдау көрсету болып табылады. Сондықтан біз осы қамқорлық айы шеңберінде қайырымдылық сенбілігін ұйымдастырып, еңбек ақымыздың бір күндік табысын ауданымыздағы «Қамқор» қоғамдық қайырымдылық қорына аудару жөніндегі ұйғарымға келдік.
Барша мекеме, кәсіпорын ұжымдарының қамқорлық айында қайырымдылық жасауға шақырамыз!
Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы
білім беретін орта мектеп ұжымы