«Газетіміз қайда?». Оқырман пошташыларға сын айтты

Ауданның жаршысы «Нарын таңы» газетінің уақытылы тарамайтыны оқырман наразылығын тудырып жатады.

Оны аудан әкімдігінің телеграм желісінде айтылған сын-пікірлерден де байқадық. Нурика Нигметова атты желі қолданушы аптасына 1 рет шығатын аудандық «Нарын таңы» газетін пошта қызметкерлері мүлдем әкелмейтінін айтады. - Мен пошта қызметкерлеріне телефондарына немесе газетке жауапты маманның ұялы телефонына соқсам да жауап бермейді. Алдыңғы 2 аптаның газетін қайта-қайта телефон соғып әрең дегенде әкелдіртіп алғанмын, тағы, міне, 2 аптаға айналды, әлі газетіміз жоқ. Сонда ол газетке не үшін жазылдық, неге уақытында әкелінбейді? Жауап берсеңіздер, - дейді оқырман.

Ал, оған жауап берген жауапты маман Алия Мустахова: «Нарын таңы» газетінің аптасына бір рет келетінін, бұрын аптаның бейсенбісі күні шығатын бұл басылымның енді аптаның жұмасында тарайтын болғанын ескертеді. - Келген газеттерді жеткізу - хат тасушының міндеті. Өткен айда Өркен ауылының хат тасушысы еңбек демалысына кетуіне байланысты орнына шыққан адам шатыстырып апарған. Келесіде бұл жағдай қайталанбайды деп ойлаймын. Қатаң бақылауда болады, - депті ол желіде.

Біздің де айтпағымыз сол: Газетті уақытында таратыңыздар. Өйткені оқырманға дер кезінде ақпарат беру біздің, мезгілінде тарату - сіздердің қызметтік міндеттеріңіз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT