Гепатиттен сақтаныңыз

Жұқпалы вирустық гепатит немесе сары ауру адамның бауырын зақымдайды. 

Вирустық гепатиттердің бірнеше түрі бар: А, В, С, D, E. Осы аталған вирусты гепатиттердің «А» (А Hepapіtіs) түрі — әлемде кең таралған антрапанозды жұқпалы ауру.

Вирус физикалық және химиялық факторлардың жоғары тұрақтылығына байланысты қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады. Вирусты гепатиттің бұл түрі адам ағзасына жыныс жолдары арқылы беріледі.Жедел жұқпалы вирусты гепатиттің «А» түрінің алғашқы белгілерінде адамның дене қызуы көтеріліп, әлсірейді. Оған қоса асқазанның жұмысы бұзылып, көз склерасы сарғаяды. Бұл аурудың ұзақтығы екі аптаға дейін созылады.

Ал вирусты гепатиттің «В» түрі қан құю, тері аурулары арқылы жұғады. Аурудың бұл түрінен сақтану үшін адамдардың жас шамасына байланысты вакцина беріледі. Мәселен, жаңа туған нәрестелер өмірдің алғашқы 12 сағатында вакцина қабылдайды.

Вирусты гепатиттің «С» түріне шалдыққан адамдардың 70-80 пайызының бойында осы аурудың созылмалы түрі дамиды. Бұл гепатиттің ең үлкен қаупі —бауыр циррозына әкеліп соқтыруы мүмкіндігі. С гепатитіне қарсы вакцинаның жоқтығы аурудың қауіптілігін көрсетеді. Бұл ауру адамдарға парентералдық (қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен ілесетін манипуляциялар, оның ішінде жеке стоматологияларда тіс емдеткенде, тіс жұлдыртқанда, ластанған шприцтер), жыныстық қатынас, сондай-ақ жұқтырған анасынан босану кезінде жұғады. Вирусты гепатиттің «Е» түрі босанар алдында жұқтырған әйелдер үшін өте қауіпті. Бұл кезде ауырған әйелдердің баласы өлі туылады.

Ал жұқпалы вирусты гепатиттің «D» түрі жеке ауру деп есептелінбейді, ол – «В» вирусты гепатитін асқындыратын серіктес ауру. Бұл екі вирус науқас адамның ағзасында қатар өмір сүрсе, аурудың ауыр түрі пайда болады, Оны «супержұқпа» деп айтады.

Жұқпалы вирусты гепатиттің қай түрінен де сақтанған жөн. Ол үшін жеке бас тазалығына айрықша мән беріп, денсаулыққа жауапкершілікпен қараған дұрыс.

Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатиті бар ауру адамдар дайындап таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады.

Құдықты таза ұстау керек. Ауыз су құдығының қабырғасы мен түбін лайдан, қоқыстардан тазарту керек. Қоқыс үйінділері, мал суаттары жақын болмауы керек. Вирусты гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асхана, кафе, азық- түлік дүкендерінде санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді қайнаған сумен жуу керек. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектепте балалар санының артық болмауы және тазалық сақталуын қадағалау керек. Балалар әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Сапалы сумен, тамақпен қамтамасыз етілуі қажет. Ауру шыққан үйлерде, мектепте, балабақшаларда нысандарда қорытынды дизенфекция 3% түрі бойынша аурумен қарым- қатынаста болған адамдар дәрігер қарауында болуы керек, күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Соңғы екі жылда ауданымызда гепатит ауррушылығы тіркелмеген. Алайда жыл басталысымен Нарын ауылынан жасөспірімдер арасынан нақтыланбаған «Вирусты гепатит А» түрімен ауырған бір жағдай тіркелді. Ауру ошағына эпидемиологиялық тексерістер жүргізіліп, тиісті шаралар алынуы жалғасуда. Сондықтан оқушылар күн сайын өздерімен бірге қайнаған су құйылған құты алып жүрулері керек. Өзіңізді және туыстарыңызды сары аурудан сақтануға, өз денсаулығыңызға аса мұқият болуға шақырамыз.

Бақытгүл КАРТМАГАНБЕТОВА,

аудандық-қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521