Грант тағайындау ережесіне өзгеріс енгізілді

Үкіметтің қаулысымен "бакалавр" және "магистр" бойынша білім беру гранттарын тағайындау ережесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Қаулыға сәйкес, ереженің 2-тармағына тағы бір анықтама енгізіліп отыр. Ол – білім беру грантын тағайындау туралы электронды куәлік. Осы құжатта үміткердің жеке мәліметтері мен ҰБТ-да жинаған ұпай саны жазылады. Электронды куәлік ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады. 

Бұдан бөлек, гранттарды тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамына ену және төрағаны сайлауға қатысты өзгеріс енгізілді. Бұған дейін комиссияға білім беру саласындағы уәкілетті орган (білім және ғылым министрілігі – Sputnik Қазақстан), басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен ЖОО ректорлары кеңесінің өкілдері кірсе, енді үкіметтік емес ұйымдар да осы жұмысқа атсалыса алады.

Бұрын республикалық комиссияның төрағалығына уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарған тұлға бекітілетін. Бұдан былай төраға комиссия мүшелерінің ішінен дауыс беру арқылы сайланады. Оның орынбасарын және хатшыны да таңдайды. Сөйтіп, комиссияның құрамы бекітіледі.

sputniknews.kz

Сурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика