Идеядан бизнеске дейін: Құлсарыда өмірді өзгертетін жобалар қорғалды

27 жоба – 27 табыс тарихы.

Құлсарыда «Таңдау» бағдарламасының қатысушылары өз бизнес-жоспарларын қорғады. Бағдарлама Жылыой ауданы тұрғындарына идеяларын нақты іске айналдыруға және кәсібін дамыту үшін қолдау алуға мүмкіндік береді. Жоба «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

 

«Таңдау» – бұл жай ғана оқу емес. Бұл – өмірді өзгертуге, өз күшіңе сенуге және болашағыңды өз қолыңмен құруға мүмкіндік. Жобаларын қорғауға көп балалы ата-аналар, жастар, жұмыссыздар және жаңа бастаған кәсіпкерлер қатысты. Біреуі балаларды дамыту орталығын ашуды армандаса, енді бірі қалдықтарды қайта өңдеу ісін бастағысы келеді немесе өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Әрбір қатысушының тарихы – батылдық пен өзіне деген сенімнің көрінісі.

 

2025 жылдың алғашқы легінде қатысушылар 12 өндірістік бастама, 6 қызмет көрсету жобасы, 7 дамыту және денсаулық орталығы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен қалдықтарды қайта өңдеу бағытындағы жобаларды ұсынды. Олардың ішінде 10 стартап пен 11 жұмыс істеп тұрған бизнес бар.

 

Барлық қатысушылар «Таңдау» бағдарламасы аясында тегін оқудан өтті. Олар стратегиялық және қаржылық жоспарлау, маркетинг пен тиімді басқару негіздерін меңгерді. Оқу аяқталған соң, қатысушылар өз бизнес-жоспарларын қорғап, сертификаттарға ие болды.

 

Енді олардың алдында жаңа кезең тұр – қатысушылар қаржыландыру алуға дайындалуда. Бұл қаражат олардың идеяларын нақты іске асырып, қажетті жабдық сатып алуға мүмкіндік береді.

 

Айгүл Тагатова, ФЕЦА әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламаларының директоры:

«Біздің мақсат – адамдарға тек кәсіп үйрету емес, ең алдымен, өзіне сенуге көмектесу. Әрбір жоба – бастама мен еңбекқорлықтың қоғамды алға жетелейтін күшке айналатынының дәлелі».

 

«Таңдау» жобасы Жылыой ауданында 2023 жылдың қыркүйегінде басталды. Бағдарлама оқу курстарын, тәлімгерлік қолдауды және бес жылға дейінгі мерзімге пайызсыз жабдық алу мүмкіндігін біріктіреді. Осы уақыт ішінде үш кезеңдік байқау өткізілді:

44 бизнес қаржылық қолдау алды, ал 105 қатысушы оқудан өтіп, өз ісін ашуға немесе дамытуға мүмкіндік алды.

 

 

«Таңдау» – бұл жай ғана бизнес туралы емес. Бұл – әрекет етуді таңдаған адамдар туралы. Идеялардың нәтижеге айналуы туралы. Болашақтың бүгін өз қолымызбен жасалуы туралы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT