Игілік – халықаралық көркемсөз байқауының жеңімпазы

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы, исатайлық Игілік Бекжанұлы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары» атты халықаралық көркемсөз байқауына қатысып, бас жүлдені иеленіп қайтты.

«Platon» халықаралық білім дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда өнеге-өсиеттерін қанатты қаламы арқылы қалдыра білген ақиық ақын Мұқағалидың өлең жолдарын жүрегімен түсініп, тани білгені үшін Игілікті арнайы кубокпен оның жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Эльмира Оралбаеваны «Ұлы дала ұстазы» медалімен марапаттаған.

ugil1702

- Ақынға арналған байқауға мектебімізден 20 оқушы қатысып, олардың барлығы да олжалы қайтып келеді және байқауды ұйымдастырушылар балаларымыздың талант пен талаптары үшін мектеп әкімшілігін «Ең белсенді ұжым» кубогімен марапаттады. Сіздердің жерлестеріңіз Игілік бұған дейін де бірнеше жерде жеңіс тұғырын бағындырған талантты оқушылардың бірі. Бұл бас жүлдені М.Мақатаевтың «Бесік басында» өлеңін нақышына келтіріп оқығаны үшін алды, - дейді бізбен телефон арқылы сөйлесіп, қуаныштарын бөліскен Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының көркем еңбек пәнінің мұғалімі Гүлнұр Құсайнова.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT