Ілкімді жобалар іске асты

Фото:интернеттен

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікке (МЖӘ) ерекше тоқталуы медициналық қауымдастықтың көкейінен шықты.

Өйткені МЖӘ денсаулық сақтау жүйесін дамытуда шешуші рөл атқарады, бұл жеке сектордың ресурс­тары мен тәжірибесін мемлекеттік қолдау мен бақылаумен тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді, ел азаматтары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал етеді.

 

МЖӘ озық технологиялар мен заманауи емдеу әдістерін енгізу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады, бұл күрделі денсаулық сақтау салалары, әсіресе онкология үшін өте өзекті мәселе. Жеке секторды тарту – жаңа медициналық мекемелерді құру, жабдықтау үдерісін жеделдетуге, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруға көмектесіп, пациенттерді емдеу нәтижелеріне тікелей әсер етеді. Бұған қоса, МЖӘ сапалы меди­ци­налық көмекке қол жеткізудегі тең­сіз­дікті азайта отырып, өңірлерде ден­сау­лық сақтау инфрақұрылымын дамыту­ға мүмкіндік береді және орталық емха­наларға жүктемені азайтады.

 

Айта кетейік кейінгі 8 жылда МЖӘ аясында онкологиялық көмек көрсету саласында заманауи медициналық объектілерді, оның ішінде ПЭТ/КТ-орталық­тарын, Алматы, Астана өңірлерде салу және жарақтандыру бойынша бірқатар жоба іске асырылды.

 

Атап айтқанда, 2019 жылы Orhun Medical медициналық компаниясымен мемлекет-жекеменшік әріптестік шеңберінде Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да ПЭТ/КТ-орталығы пайдалануға берілді. 2022 жылы Шымкент қалалық онкоорталығында МЖӘ жобасы аясында ПЭТ-аппараты, сондай-ақ пациенттерге жаңа буын сәулелік терапиясын жүргізуге заманауи сәулелік үдеткіш орнатылды. Ал 2024 жылдың қыркүйегінде Орал қаласында Онкологиялық ауру­­ларды инновациялық диагностикалау орталығы ашылды.

 

Сондай-ақ МЖӘ аясында, өңірде заманауи КТ-симулятор мен сәулелік үдеткішпен жабдықталған Ядролық медицина орталығы ашылды. Жаңа орта­лықта медициналық көмек барлық пациент­терге Тегін медициналық көмектің ке­пілдік берілген көлемі (ТМККК) шең­бе­рін­де Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облы­сының тұрғындарына ғана емес, республиканың барлық тұрғын­да­ры­на да тегін көрсетіледі. Қыркүйек айының ортасында Алма­тыда Қазақ онкология және радио­логия ғылыми-зерттеу институты базасында Онкологиялық ауруларды инно­ва­циялық диагностикалаудың екінші орта­лығы жұмыс істей бастайды. Аталған орталықтар онкологиялық ауруларды ерте анықтауды айтарлықтай жақсартады, бұл пациенттердің өмір сүруін арттыру мүмкіндігін арттырады. Бұған қоса, «Қазақмыс» корпорация­сымен Талдықорған қаласында жаңа онкологиялық орталық салу туралы келісімге қол жеткізілді. Талдықорғанда қазіргі заманғы онкологиялық орта­лықтың құрылысы Жетісу халқына ғана емес, жақын маңдағы өңірлер – Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарына да өзекті. Жобаны іске асыру облыс әкімдігі Жетісу, «Kazakhmys Holding» ЖШС және Қазақстан Ден­саулық сақтау ми­нистрлігі арасында қол қойылған үш­жақты мәміле арқылы жүзеге асты.

 

Диляра ҚАЙДАРОВА,

«Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ басқарма төрағасы, ҰҒА академигі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521