Индерде Бас редакторлар клубының отырысы өтті

Бүгін Индер ауданында "Атырау-Ақпарат" ЖШС жанынан құрылған Бас редакторлар клубының отырысы өтті.

Өңірге барған редакторлар алдымен ақын Мұрат Мөңкеұлы мен бард ақын Табылды Досымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

3ff7d72e-567e-4072-bd03-2a19d4c9d779

Одан соң мәдениет үйінде бас редакторлар жиынында бас қосты. Алдымен аудан әкімі Мейірім Қалауи ауданның әдеуметтік-экономикалық дамуына тоқтала келе, кешегі мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндетті жүзеге асыру аясында арнайы іс шаралар жоспары жасақталып жатқанын айтты.

3371ef24-dcef-4ec5-9d01-ab31195b1bb2

Одан әрі клуб өз жұмысын бастап, "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының кеңесшісі Исатай Балмағамбетов Президент жолдауын БАҚ-да насихаттаудың жай-жапсарына тереңірек тоқталды. Ал аудандық газеттермен жұмыс бөлімінің жетекшісі Лена Нұрбаева газеттердің мазмұны, жетістіктерімен олқылықтарында баян етті. Сондай-ақ балама жазылу мәселесі де өткір мәселе ретінде талқыланды. Клуб төрағасы Таңатар Дәрелов бас редакторлардың рөлі, өңірдегі баспасөздің шығармашылық ахуалы жөнінде айтып, клубтың Бас редакторлығына "Дендер" газетінің бас редакторы Жанай Амантурлинді ұсынып, ол әріптестері тарапынан қолдау тапты.

5708b2e2-3cbd-4318-9399-506305679b1f

Редакторлар клубының отырысын "Атырау-Ақпарат" ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев қорытындылап, көтерілген мәселелерге орай өз пікірін білдіріп, негізгі атқарылар жұмыстарға тоқталды.

Өз тілшіміз

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21