Индерде су тасқынынан кейінгі алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Индер ауданының 10 шаруа қожалығы ауылшаруашылық өнімдерін сатылымға шығарды, деп хабарлайды Аtyraupress.


Өткен сенбіде Индер ауданының шаруалары ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесінде жаңа өнімдер ұсынды.
"Асыл агро", "Весна", "Владимир", "Нұрбол" және "Амангелді" шаруа қожалықтары жәрмеңкеге көкөністер, жемістер, шұбат, балық және ет-сүт өнімдерін әкелді.

 ⁃ Индер ауданында азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Ауданда барлығы 500-ге жуық шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Оның ішінде 10 шаруа қожалығы бүгін жәрмеңкеге қатысуда. Мұнда олар өнімді нарықтық бағадан 20-30% төмен бағамен сатады. Мұндай жәрмеңкелер әр сенбі сайын өткізіледі. Жергілікті тұрғындарды қатысуға шақырамыз, - деді Индер ауданы  ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров. 

Еске сала кетейік, көктемгі су тасқынына қарамастан, шаруа қожалықтары егін егуге мүмкіндік алды. Жергілікті биліктің қолдауының арқасында ауылшаруашылық жерлері су тасқынынан сақталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521