Халқымыздың басына әр ғасырда тағдырдың жазуымен небір нәубеттер мен зобалаңдарды салды.
Оған кәрі тарих пен мына ұлан-байтақ үнсіз жатқан халқымыз сияқты кең даламыз куә. Мына ХХІ ғасырда халқымыз тыныш та бай-қуатты өмір сүреді деген асқақ арманмен таңымыз атып, күніміз батушы еді. Жоқ, олай болмады. Тағы да халқымыздың басына өлім тажалы қайта үйірілді.
Осы тажалмен күресу мына біздің ұрпақтың еншісіне жазылған екен. Сондықтан да бірге болып, атам қазақтың: "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дегеніндей, бір болайық, бекем болайық! "Әр қазақ - менің жалғызым" демекші, бүгін бүкіл өмірден өткен отандастарымыз үшін дұғада болайық, қазағым!
Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейбіз! Қазақ Елінің Туы енді түспесін, әрқашан көкте желбірей берсін! Алла әрдайым соған жеткізсін!
Аққали Ахмет,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, "Мәңгілік Ел" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы