Интернеттің пайда болғанына 30 жыл толды

Осыдан 30 жыл жыл бұрын біздер коммунизм орнай ма, орнамай ма деген дүдамал ойда жүріп, бір жағынан өкімет ішімдікпен күресіп, бір жағынан халық қолдан ашытылған арзан шараппен әуестеніп жүргенде батыс елдерінде интернет пайда болды.

Шұғыл ақпарат алмасып, қоғамның барлық саласын ақпараттандыратын, елді кабинет арасында сабылтпай, үйден-ақ шаруасын тындыруға мүмкіндік беретін жаһандық сымсыз желі бүгінде әлемді түгелге жуық «жаулады». Жер бетіндегі 7 миллиардқа жуық халықтың тең жартысы онлайн отырады. Интернет бүгінде қоғамдық алаңға, кітапханаға, дәрігердің кабинетіне, дүкенге, мектепке, дизайн студияға, кеңсеге, кинотеатр мен банкке айналды.

Бір есептен әр заттың жақсылығы мен жамандығы да қатар жүретіндіктен бұл интернеттің зиянды жақтары да бар, әрине. Ата-анасы күндіз жұмыста, ал кеште ұйқыға асығатын жұмысбасты қоғамда үйдегі баланың қандай сайттарды ақтарып, кімдермен онлайн байланыс жасап отыратынын байқамай да қаламыз, өкінішке орай. Сондай зиянды әдеттердің кесірінен күні кеше Жаңа Зеландияда орын алған қанды оқиғалар болып жатады ара-кідік болса да. Сондықтан, реті келсе интернетті шектеп немесе белгілі бір сайттар болмаса, ал жалпы өзге сайттарға «кілт» қою арқылы ұрпағымызды сақтандырайықшы. Әйтпесе ондаған жылдардан соң Мұхтар Шаханов айтпақшы, компьютербасты адамдарға айналып кетпесімізге кім кепіл?

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521