"Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынған" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы мәлімдеді.
- Балық ресурстарын сақтау мақсатында полиция және шекара қызметінің күшімен браконьерлікпен күреске бағытталған іс-шаралар күн сайын өткізіледі. Сол жұмыстардың нәтижесінде осы жылы өңірде балық қорғау заңнамасын бұзған 1886 факт анықталды. Оның ішінде 1050 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 20 миллион 724 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, - деді Артур Сәдібекұлы.