Өңірде жыл басынан бері 26 адам суға кеткен

Атырау облысында жыл басынан бері 26 адам суға кеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында, Жылыой мен Құрманғазы ауданында тәулік бойы кезекшілік атқаратын 3 суда құтқару стансасы бар. Мұнда 11 кәсіби құтқарушы жұмыс істейді.

«Жыл басынан бері өңірдегі су айдындарында суға батқан 26 адам қайтыс болды. Оның ішінде Атырау қаласында – 12, Жылыой ауданында – 5, Махамбетте – 4, Құрманғазыда – 3, Индер ауданында 2 адам жантәсілім етті. Суға кеткендердің арасында 8 бала бар. Жедел құтқару жасағының көмегімен 1 ересек адам мен кәмелетке толмаған 2 жасөспірім құтқарылды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен бірге су айдындарының жағалауында рейд өткізіліп, құқық бұзушыларға 259 әкімшілік хаттама толтырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521