Сейсенбі күні аудан жастарымен өткен кездесуде аудан әкімдігінің аппарат басшысы Абзал Байсалбаев биылғы 1 наурыз айынан бастап өңірлік кадр резеріне іріктеу кезеңдерінің жұмыстары басталғанын хабарлады.
Оның айтуынша, биылдан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Іріктеу жұмыстарын облыстың, республиалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы арқылы жүзеге асырылады.
Өңірлік кадр резервінің ең негізгі басты мақсаты –әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар қазақстан республикасының азаматы қатыса алады. Іріктеу индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология секлді салалық бағыттар бойынша жүргізіледі. 1-31 наурыз аралығында өтетін іріктеу құжат қабылдау, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу, құзіреттерді бағалау, комиссиядағы құрылымдық сұхбат құрудан өтеді.
Үміткерлер үшін ең соңғы комиссия отырысында резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылып, олардың тізімі комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде белгілі болады. Байқауға қатысушылардың әр кезеңдегі нәтижелері комиссия қабылдағаннан кейін интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайттарында жарық көреді.
Аяпберген Салихов