Исатай ауданы әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Исатай ауданы әкімдігі аппаратының жаңа басшысы болып Байсалбаев Абзал Кеулімжайұлы тағайындалды.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Абзал Байсалбаев 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2019 жылы Глазго университетін, 2022 жылы Қызылорда «Болашақ» университетін тәмамдаған.

apparat-taajyndau

Алғаш еңбек жолын 2014 жылы Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып бастаған ол сол жылы Атырау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызметті бақылау бөлімінің бас маманы қызметінде болды. 2020 жылдан күні бүгінге дейін Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді. Отбасылы. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT