Атырау қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрындағы салтанатты шарада мерейлері үстеп, марапатталғандардың қатарында исатайлықтар да бар.
Соның бірі аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталды.
Айта кетейік, мәртебелі марапатты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстады.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ