Исатай ауданы бойынша 1 аумақтық, 15 учаскелік референдум комиссиясы, оларда барлығы 102 комиссия мүшесі бар.
Ауданда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 15888 азамат тіркелген.
Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы алдын-ала хабарланды. Нақтырақ айтқанда, біркелкі нысанда азаматтарға хабарландыру жасалып, олардың мекен-жайларына таратылды. Сонымен қатар дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды.
Қазіргі уақытта референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініш қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді.
Референдумды өткізуге арналған сұрақтарға жедел жауаптар алу үшін бірыңғай 2-04-87 нөмірлі орталық жұмысы ұйымдастырылуда.
Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруіне жағдай жасалған. 15 референдум учаскесінің барлығында пандустар бар (1 учаске пандусты талап етпейді).
Ауданға қарасты 7 ауылдық округке 4 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Әлеуметтік қорғау органдары арқылы 1 сурдоаудармашы тарту көзделген.
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарға 8 учаскелік комиссия тартылады. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар Зинеден, Исатай, Нарын, Жанбай, Аққыстау және Қамысқала ауылдық округтерінде бар.
Аудандық референдум комиссиясымен қажетті санда дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындалды және олармен учаскелік комиссияларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.
Аудан көлеміндегі 15 референдум учаскесінің басым бөлігі, яғни 14 референдум учаскесі білім беру ұйымдарында орналасса, 1 референдум учаскесі мәдениет үйі ғимараты болып бекітілді.
Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Исатай аудандық аумақтық референдум комиссиясы