Исатайлық тұрғын 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Исатай ауданында мас күйінде көлік жүргізген азамат 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұл туралы Исатай аудандық полиция бөлімі хабарлады.

Белгілі болғандай, 22 шілде күні сағат 04:30 шамасында жергілікті патрульдік полиция қызметкерлері Аққыстау ауылы Егемен Қазақстан көшесі бойында ВАЗ 2112 көлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің сау күйде екендігіне күмәнданған. 22 жастағы азамат медициналық сараптамаға жеткізіліп, дәрігердің қорытындысына сәйкес мас күйде екендігі анықталды. Осыған байланысты көлік жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама жасақталды. Исатай аудандық сотының шешішімен құқық бұзушы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT