Еліміздің ертеңі үшін аса маңызды осынау мәселеге байланысты өткелі отырған республикалық референдумда біздің Исатай ауданы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес дайындау жұмыстары бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырылып отыр.
Исатай аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Қабыл Ғұбашевтың айтуынша, республикалық референдумға, Исатай ауданы бойынша алғанда, жалпы саны 110 комиссия мүшесі тартылған.Олар 1 аумақтық (7мүшесі бар) және 15 учаскелік референдум коммиссиялары ( 103 мүшесі бар) құрамында.
Референдумға дайындық барысында аудан орталығындағы 3 учаскенің шекараларына өзгерістер енгізілді.Дауыс берушілер тізімін қалыптастыру алгоритміне сәйкес АИС " Сайлау" ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізіліп, аудандағы сайлаушылар саны 15695 азаматты құрайды.