Исатай ауданында "Атом уақыты" атты деректі фильмі ұсынылды

Исатай аудан тұрғындарымен - АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері кездесті.

   Кездесу барысында АЭС салудың маңыздылығы, тиімділігі, стратегиялық маңызы жөнінде толықтай түсіндірілді.Сондай-ақ, атомды энергетика саласы жөнінде "Атом уақыты" атты деректі фильм көрсетілді.Бұл фильм қазіргі заманғы энергияның ең өзекті мәселелеріне арналған. Фильмде атом электр станциясының қауіпсіздігі, қоршаған ортаға әсері, энергияға деген сұраныстың күннен-күнге артуы жөнінде ақпараттар қамтылды.

 

Фильмнен кейін сала мамандары мен сарапшылардың қатысуымен ашық пікірталас өтті. Қатысушылар атом энергетикасының даму перспективалары мен оның Қазақстандағы рөлі туралы ойларын ортаға салды. Бұл көрсетілім атом энергетикасының болашағын түсінуге мүдделі барлық аудитория үшін қызықты болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT