Исатай ауданында партиялық кадрлық резервке 29 үміткер тіркелді

Партияішілік іріктеу, яғни праймериздің бірінші және екінші кезеңдері аяқталды.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлы «Кандидаттарды ұсыну және тіркеу» деп аталатын алғашқы кезең бойынша партиялық кадрлік резервке 29 үміткер тіркелгенін айтады.

- Енді праймериздің үшінші кезеңі басталды. Ол 7 қыркүйек пен 3 қазан күндері аралығында өтеді. Бұнда кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, онлайн немесе әрбір ауылдық округтерге, бастауыш партия ұйымдарына барып, кездесулер өткізеді. Кездесулердің желілік кестесі жасақталды, - дейді ол.

Праймериздің ереже-талаптарына сәйкес кандидаттар жария пікірсайыстарға, яғни дебаттарға қатысуға міндетті. Айбатыр Бекішұлының айтуынша, бұл дебаттар ауданда 16, 17, 18, 22, 23 қыркүйек күндеріне жоспарлануда. - Жария пікірсайыстар Аққыстау ауылындағы «Жалын» мәдениет үйінде 2 рет, Тұщықұдық ауылындағы Н.Үлкенбаев атындағы ауылдық мәдениет үйінде 2 рет және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында 1 рет онлайн форматта өтеді.

Дебаттар филиалдың әлеуметтік желідегі ресми парақшалары (fаcebook NurOtan Isatai), (Instagram NurOtan Isatai) арқылы көрсетілетін болады, - дейді филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Кандидаттар ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы мен өңірдің өзекті мәселелерін шешудегі жоспарларын талқылайды. Ол үшін алдымен сайлауалды бағдарламаларын насихаттап, мақсат-мүдделерімен бөлісетін болады.

Еске сала кетейік, праймериз – партияішілік іріктеу. Ал, аудан бойынша бақ сынайтын 29 кандидатқа исатайлық 2293 партия мүшесі дауыс береді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521