Исатайлық 1100 отбасы 50 мың теңгелік жәрдемақыны алады

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 50 мың теңге көлеміндегі біржолғы төлемді үшінші рет беруді тапсырғаны белгілі.

Аталған бұл қаржылай көмек кімдерге тиесілі? Тиісті азаматтар оны қалай ала алады? Осы жайлы білмек болып, партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбатыр Бекішұлына сауал жолдағанбыз. «Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған "Birgemiz" қорынан 3-ші кезеңге 50 мың теңге көмек қаржы 7 санат бойынша беріледі.

Олар мыналар:

1. Көпбалалы аналар (оның ішінде аз қамтылғандар);

2. Мүгедек бала бағып отырған ата-аналар;

3. Жетім және жартылай жетім балалар;

4. І-топ мүгедектер;

5. Ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер;

6. Ұлы Отан соғысының ардагерлері немесе оған теңестірілгендер;

7. Тыл еңбеккерлері.

Осы талаптарға сай тізімді жасақтап, бізге ауылдық округтер бекітіп берді. Азаматтар тізімде бар-жоғын округтегі мамандардан сұрап біле алады, - дейді Айбатыр Бекішұлы. Қазіргі уақытта бұл көмектің аудан бойынша 1100 отбасыға тиетіні белгілі болып отыр.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT