Исатайлық азамат алаяқтығы үшін сотталды

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бұл туралы аудандық соттың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Онда іс құжаттарына сәйкес, жәбірленуші Т. 2020 жылғы 05 маусымда «Инстаграмм» әлеуметтік желісі арқылы хабарландыру жариялап, пластикалық терезе орнатумен айналысатын адамдардың хабарласуын сұрағандығы айтылған. Соған байланысты оның хабарламасына сотталушы С. жауап беріп, өзін терезе орнатумен айналысатын адам ретінде таныстырып, қызметі үшін алдын ала 100 мың теңге сұрапты.

Алайда ол жәбірленуші Т.-дан сұраған ақшасын алғаннан кейін уәде еткен терезелерді орнатпай, байланысқа шықпай қойған.

«Басты сот талқылауы барысында С. өз кінәсін толығымен мойындап, іс-әрекетіне өкінді. Сот үкімімен С. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді» делінген аудандық соттың баспасөз қызметі жариялаған жазбада.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521