Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Бұл туралы Исатай аудандық сотының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
Онда 2015 жылғы 04 ақпандағы Исатай аудандық сотының сот бұйрығына сәйкес, борышкер А.-дан кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін барлық тапқан табысының 1/3 бөлігінде алимент өндірірілгендігі, А. алимент төлеу бойынша міндетінен жалтарып, нәтижесінде оның алимент бойынша берешегі 619 387 теңгені құрағаны жазылған.
«Сот отырысы барысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, алдағы уақытта алимент берешегін толық төлейтінін айтты.
Сот қаулысымен А.-ға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ» делінген хабарламада.
Өз тілшіміз
Сурет: ашық дереккөзден