Исатайлық азамат балық аулау қағидаларын бұзып, жауапкершілікке тартылды

Балық аулау қағидаларын өрескел бұзғаны үшін Исатай ауданының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысының Исатай аудандық сотында балық аулау қағидаларын өрескел бұзған азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Исатай аудандық сотының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Онда іс-материалдарына сәйкес, 2020 жылдың мамыр айында азамат М. Исатай ауданы, Жанбай ауылындағы Каспий теңізінде заңсыз балық аулап, "Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ қызметкерлеріне ұсталғандығы баяндалған.

«Құқық бұзушы М. "TrueConf" ұялы қосымшасы арқылы сот отырысына онлайн режимде қатысып, өз кінәсін толық мойындады. Сот қаулысымен М. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 38892 теңге айыппұл салынып, балық аулау құралы тәркіленді» делінген хабарламада.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT