Исатайлық азамат бекіре балығымен ұсталды (+ВИДЕО)

Исатай ауданының 48 жастағы тұрғыныныӊ басқаруындағы көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 75 келі 600 грамм бекіре тұқымдас балығы табылып, тәркіленді.

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Балық өнімініӊ заӊсыз айналымын анықтауға бағытталған "Бекіре" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері қалаға кіреберіс Сарыөзек ауылы тұсынан "Lada Priora" автокөлігін тоқтатқан.

610becire

Табылған балықтың жүргізуші мен көлікте отырған 28 жастағы азаматшаның қайсысына қатысы бар екендігі анықталуда.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339 бабының 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жалпы, іс-шара басталған 10-қыркүйектен бері 105 құқық бұзушылық, оныӊ ішінде 102 заӊсыз балық аулау, 3 балық өнімдерін тасымалдау фактілері анықталып, 109 құқық бұзушы ұсталды. Заңсыз айналымнан 1 тонна 734 келі балық, оныӊ 1 тонна 95 келі тоннасы бекіре тұқымдас балығы, 2 келі қара уылдырық алынып, тәркіленді» делінген желідегі хабарламада.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Суреттер: видеодан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521