Атырау облыстық полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімі қызметкерлері 41 дана бекіре балығын тәркіледі.
Бұл туралы департаменттің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
"Браконьер" жедел алдын алу шарасы барысында қала шетіндегі Талғайраң ауылының Жайық өзені жағасында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 136.7 келі болатын 41 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленген.
"Күдікті Исатай ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 339 бабы - "өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу" бойынша жүргізілуде" дейді баспасөз қызметі.