Үй жанындағы дүкендер, мейрамханалар, қонақ үйлер және тамақ жеткізу қызметтері жаңа салық реформасына кірмейді.

Қарапайым азаматтарға қызмет көрсететін кәсіпорындар, яғни B2C (business-to-consumer): үй жанындағы дүкендер, базарлар, киоскілер, сауда орындары, жол бойындағы қонақ үйлер, кафелер мен мейрамханалар, тамақ жеткізу қызметтері, киім-кешек, тоқыма өнімдерін сату және т.б. бөлшек саудаға арналған салық режимі өзгеріссіз қалады.

Қазіргі уақытта бұл режимдегі салық мөлшерлемесі 4% болып белгіленген, бірақ оны мәслихаттар 2%-ға дейін төмендете алады. Қолдану шегі – 2,4 млрд теңге (600 мың АЕК), жұмысшылар саны – 100 адамға дейін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT