Әйел тәуекелге емес, танымға жүгінеді

Жақында аудандық «Жалын» мәдениет үйінде облыс әкімі жанынан құрылған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері ауданға келіп, «Көшбасылық формуласы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Аталған семинардың мақсаты - саясаткер әйелдер клубтарының көшбасшылық мектептерінің жұмысына жүйелі сипат беру, оның жұмысын жандандыру, қоғамдық-саяси салада ілгерілету мүмкіндігіне қол жеткізу үшін белсенді әйелдердің деректер базасын жасау.

Алдымен облыс әкімі жанынан құрылған комиссия мүшелерін аудан әкімі-нің орынбасары Нұрғайша Абежан таныстырып, жиын- ды облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Садуақасова жүргізді. Облыс әкімі жанынан құрылған әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор, комиссия хатшысы Замзагүл Жалмурзина әйелдердің бүгінгі қоғамда саяси ілгерлеуі туралы айтты.

-Осы клубтардың жұмыстарын жетілдіріп, жұмыстарын жандандыру, жұмысына жүйелі сипат беру мақсатында және де басты мақсат Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның тапсырмасын орындау барысында және де әдістемелік көмек беру ретінде оқу тренингтері қыздарымыздың көшбасылық белсенділігін арттыру мақсаты осындай оқу тренингтері облыс көлеміндегі барлық аудандарда жүргізілетін болады, - дейді облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Садуақасова.

Көшбасшы, саясаткер әйелдер клубы жұмысына бағыт-бағдар көрсетіп, клубтың әр мүшесіне әдістемелік көмек ретінде бизнес тренер Нұрлан Азаматов «Шешендік өнер көшбасшылық тәсілі» тақырыбында оқу тренинг өткізді.

Шараны қорытындылаған комиссия төрайымы Нұрғайша Абежан қазіргі кезде еліміздің қоғамдық саяси өмірінде әйелдердің белсенділігі артқанын тілге тиек етті. Елбасының қолдауымен құрылған бұл комиссия негізінен әйелдердің денсаулығын жақсарту, олардың қоғамдық-саяси қызметтерге араласуына, мемлекеттік деңгейдегі шешімдер қабылдауына ықпал ету бағыттарында жұмыс істеп келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық комиссия мүшелерінің қатары жастармен толыққанын, бұл әйел затының қоғамдық ортаға деген көзқарасының өзгергендігін және мақсатқа жету үшін алға ұмтылу қажеттігін айтып, семинарды ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Әйгерім Құбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521