Әйелге әлімжеттік – әлсіздің ісі

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы аудандық сотта отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша 111 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.

Осының ішінде әйелдерге қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер бойынша әйел адамға қатысты 55 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 36-сы тараптардың татуласуымен медиация тәртібімен аяқталған, 19-ы бойынша әртүрлі жазалар қолданылған, осы баптың екінші бөлігімен, яғни бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер бойынша 33 әкімшілік іс қаралған, 19 іс медиация тәртібімен аяқталған, ал, 9 іс бойынша қамақ жазасы қолданылған, осы баптың үшінші бөлігімен қамақ жазасы қолданылмайтын тұлғаларға қатысты 9 іс қаралған.

Статистикалық мәліметтерден отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін 111 әкімшілік істің әйел адамға қатысты 97-сі қаралған, яғни 87,4 пайыз іс - әйелдерге қатысты жасалған әлімжеттік.

Бұл - істерге тоқталатын болсақ, жолдасы, баласы немесе әкесі алкогольден масаң күйде үйге келіп себепсіз жанжал шығарып, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзудан туындайтын істер.

Бұдан көретініміз мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатына қарамай, ауданымызда әйелдерге қатысты әлімжеттік азаймай тұр. Мұнымен қоғам болып күресу қажет, әрбір отбасында әке, ата өз балаларына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу керектігі туралы айтып отырса, болашақта тұрмыстық зорлық-зомбылық деген мүлдем болмайтын еді деп ойлаймын.

Жазира МУХАМЕТОВА,

аудандық соттың судьясы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521