Қараша елді мекеніне жаңадан электр желісі жүргізілді

Жылыой ауданы Жем ауылдық округіне қарасты Қараша елді мекеніне жаңадан электр желісі жүргізілді.

- Бұған дейін апаттық жағдай орын алып, яғни дала өртінен 15 ағаш электр бағанасының жанып кетуіне байланысты аталған елді мекен ток көзінен ажыратылған болатын. Мәселені шешу мақсатында «Атырау Жарық» АҚ мекемесі Қараша елді мекеніне 40 дана бетон бағана орнатып отыр. Сондай-ақ, 4 км 800 метр АС сымдары жүргізілді. Бүгінде барлық үйге жарық берілді,- деді «Атырау Жарық» АҚ Жылыой аудандық филиалының директоры Марат Мендияров. 

Оның айтуынша, электр желісін жүргізуге «Атырау Жарық» мекемесінің 14 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған. 

Айта кетейік, бүгінде Қараша елді мекенінде 18 үй, 53 тұрғын бар.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT